Мектеп мұғалімі
Хит сатылым
Scopus журналдарында ғылыми мақаланы жариялау стратегиялары
Бұл семинарда ғылыми мақаланы Scopus базасына кіретін журналдарда жариялау үдерісінің негізгі кезеңдері қарастырылады. Қатысушылар мақала құрылымына қойылатын халықаралық талаптармен, журналдарды іріктеу стратегияларымен, рецензиялау ерекшеліктерімен танысады. Сондай-ақ семинарда зерттеу барысында қолдануға болатын заманауи жасанды интеллект құралдары мен академиялық платформалар талқыланады.
Офлайн
Семинар
Ұзақтығы
10 күн ішінде 8 сағат
Ұйымдастырушы
НЗМ Қызылорда
Тренер
Нурбаева А.Т.
Оқыту тілі
Қазақша
0 ₸
Семинар туралы

Бұл семинар ғылыми мақаланы Scopus базасына енетін беделді журналдарда жариялау жолдарын жан-жақты түсіндіруге бағытталған. Бағдарлама төмендегі негізгі бөлімдерден тұрады:

Ғылыми жарияланымдардың рөлі мен маңызы

Scopus журналдарының құрылымы мен талаптары

Мақаланы дайындау стратегиялары.

Журналды іріктеу және рецензиялау үдерісі.

Жасанды интеллект құралдарын пайдалану мүмкіндіктері (Ғылыми мәтінді редакциялау, деректерді талдау және иллюстрация жасауға арналған ЖИ платформалары, ғалымдарға арналған заманауи онлайн сервистер (Mendeley, ResearchGate, Connected Papers, т.б.)).

Практикалық бөлім (Журнал таңдау үлгісі, ЖИ құралын пайдаланып аңдатпа дайындау, қатысушылардың өз идеяларын талқылауы).

Оқу аяқталғаннан кейін сіз үйренесіз
Scopus индекстелетін журналдардың талаптары мен ерекшеліктерін түсінуді;
Ғылыми мақаланы халықаралық стандарттарға сай құрылымдауды;
Журналды дұрыс таңдаудың және рецензенттердің пікіріне жауап берудің тәжірибесін;
Жасанды интеллект құралдарын ғылыми зерттеу мен жарияланым үдерісінде қолдануды;
Зерттеу нәтижелерін сапалы жариялау үшін қажетті практикалық дағдыларды.
Scopus журналдарында ғылыми мақаланы жариялау стратегиялары
0 ₸
Оқу қалай өтеді
Бағдарлама офлайн форматында жүзеге асырылады және толығымен өздігінен және икемді өтуге бейімделген:
Кесте
10 күн қатарынан 8–17 Желтоқсан 2025
Ұзақтығы
Офлайн, күніне 0 сағат
16:00 - 16:45 Астана уақытымен
Аудитория
НЗМ Қызылорда базасында
белсенді әріптестермен өнімді жұмыс
Сізді не күтіп тұр:
Сертификат Семинарға қатысқандығы жөнінде сертификат
Қысқа нұсқаулық (гайд) Scopus журналын таңдау және мақала жариялау қадамдары” нұсқаулығы (PDF форматта)
Ресурс Мақала құрылымының халықаралық стандартқа сай үлгі шаблоны (IMRAD).
Тегін кеңес алу

Біздің ұсыныстарымыз

  • Семинар
    Хит сатылым
    Scopus журналдарында ғылыми мақаланы жариялау стратегиялары
    1 тыңдаушы үшін 0 ₸