Педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту: ағылшын тілін оқытудың тиімді тәжірибесі

Курс бағдарламасы ағылшын тілін меңгеру сапасын жоғарылатуға бағытталған ағылшын тілін оқытудың заманауи стратегиялары мен техникаларын қамтиды. Бағдарламада оқушылардың тілдік дағдыларын жетілдіру арқылы функционалдық сауаттылығын дамытудың практикалық аспектілеріне ерекше назар аударылады.

Курстың мақсаты

Педагогтердің «Ағылшын тілі» пәні бойынша грамматикалық және лексикалық тақырыптарды оқыту және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту құзыреттілігін жетілдіру

Курста оқу нәтижесінде педагогтер:

«Ағылшын тілі» пәнінің грамматикасы мен лексикасын оқытудың тиімді тәсілдері мен стратегияларын қолданады;

пән мазмұнын оқыту арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үшін цифрлық білім беру технологияларын қолданады;

функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды әзірлейді және қолданады, оқыту тәжірибесін және бағалау критерийлерін әзірлеу дағдыларын жетілдіреді.

Топтар

Photo
Рахмаил Эльвира Муратовна
80 ак.сағат

Онлайн

23.06-04.07

Ағылшын

22 000 ₸